Қазіргі кезде тергеу ісі жүргізіліп жатыр.
Қарағандыда күйеу баласы қайын атасын пышақтап тастаған
2,291
оқылды

Қарағандыда өз қайын атасын өлтіруге оқталған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, орталық полиция бөліміне қала көшелерінің бірінде екі азаматтың арасында жанжал болып, соның салдарынан бір адам пышақ жарақатын алғаны туралы хабарлама түсті.

«Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Полиция қызметкерлері жанжалдың 59 жастағы азамат пен оның 52 жастағы күйеу баласының арасында болғанын анықтады. Қайын атасы «күйеу баласына босқа жүре бермей жұмыс тауып алу керек екенін» айтқан. Бұған күйеу баласы қатты ашуланып, екеуара жанжал ушығады. Соңында күйеу баласы 59 жастағы қайын атасына пышақ жарақатын салып, артынша оқиға орнынан ізін жасырған», – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-99 «Адам өлтіруге оқталу» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

«Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», Ц делінген хабарламада.

Фото: polisia.kz