Оқиға 2 қараша күні Луганская көшесінде орналасқан екі пәтерлі бір қабатты үйде болған.
Қарағандыда жер үйден 2 адамның өлі денесі табылды
1,052
оқылды

Қарағанды қаласында жер үйлердің бірінен өрт шығып, салдарынан 2 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға 2 қараша күні Луганская көшесінде орналасқан екі пәтерлі бір қабатты үйде болған.

“Жалпы ауданы 80 шаршы метр аумақта тұрғын үйдің, үй заттары мен жиһаздың ағаш конструкциялары өртенді. Оқиға болған жерден 1953 жылы туған әйел мен 1980 жылы туған ер адамның денесі табылды”, – деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Бүгінде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.