Сауда – кез келген мемлекет үшін экономиканың негізгі құрамдас бө­лігі. Ел ішіндегі әлеуметтік, экономикалық, саяси мәселелердің шешімін табуда сауда-саттық ықпал етпей қоймайды.
TRADEX: сауда тенденциясы талқыланды
740
оқылды

Қазақстан экономикасында ең көп жұмыс күшімен қамтылған салалардың көш басында сауда-саттық бой көрсетеді. Бұл дегеніміз сауда ісі – халықтың өмір сүруін белгілі бір деңгейде қамтамасыз етіп отыр деген сөз. Экономикадағы ең маңызды әрі ішкі кірісті ұлғайтуға мүмкіндік беретін бағыт – сыртқы сауда. Осыдан бірнеше ғасыр бұрын халықаралық сауда жолдары қалалар мен мемлекеттерді байланыс­тырып, елдердің өзара дипломатиялық қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік берді. Сондықтан халықаралық сауда мәселесін ішкі экономикалық нарықты құраушы ретінде қарастыру орынды.

Отандық өнімнің 56 пайызы экспортталған

Таяуда Орталық Азияның ең ірі іскер­лік және қаржы орталығы болып санала­­тын Алматыда TRADEX халықаралық форумы өтті. Шараның негізгі тақы­­рып­тары сауда тенденциялары, логистика, элек­­­­­тронды коммерция, франчайзинг са­­­­­ла­­­­­ларын қамтыды. Форумның ұйым­дас­­­­­­­тырушысы, Алматы қаласы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ақеркін Ералиева­­­­­­ның сөзінше, форумның негізгі идеясы – халықаралық сауданы қолдау, сауда ынты­­мақтастығын нығайту. TRADEX – алғашқы мамандандырылған іс-шара, сондай-ақ серіктес іздеуге арналған бірегей алаң. 300-ден аса кәсіпкердің басын қосқан фо­рум тақырыбының халықаралық сауда мәсе­лесіне арналуы тегін емес. Мәселен, еліміздің сыртқы сау­­да айналымы былтыр рекордтық кө­р­сет­кішке қол жеткізіп, жал­пы құны 134,4 млрд АҚШ долларды құра­­ды. Сауда про­­­фициті – 34,3 млрд доллар. Бұл көр­­сеткіш 2021 жылғы сыртқы сауда айна­лымымен салыстырғанда 82 пайызға өс­кен. Алайда сыртқы сауда айналымы оң нә­тижеге қол жеткізгенімен, экспортта аса қуанарлық өзгеріс бола қоймады. Экс­порт бағытында 84,4 млрд долларды енші­­ледік. Қазақстанда ең көп экспорт­­талатын тауар түрлеріне мұнай мен металл өнімдері кіреді. Елімізде өндірілген өнімдердің 56 пайызы сыртқа экс­портталған. Ресми ста­­­­тистикаға жүгінсек, былтыр Қазақстан ең көп тауарлар мен қызметтерді Ресейден (17,3 млрд доллар), Қытайдан (10,9 млрд доллар), Герма­­­ниядан (2,2 млрд доллар) және АҚШ-тан (1,9 млрд доллар), Корея­дан (1,6 млрд доллар) сатып алған. Форум­­ға қатысушы АҚШ-тың Алматы қаласын­дағы Бас консулы Мишел Еркін АҚШ-тың Орталық Азиядағы сауда мен интеграция­­лық күш-жігерді қолдайтынын ашық айт­ты. Былтырмен салыстырғанда Қазақ­станның АҚШ-қа экспорты шамамен 60 пайызға, ал АҚШ-тың елімізге жасаған эскпорт көлемі 20 пайызға артқан. Соңғы бір жыл көлемінде Қазақстанға сырттан импортталған өнімдердің жалпы құны 50 млрд долларды құраған. 

Елімізде шикізат экспорты басым түскен оң сауда балансы қалыптасқан. Ал импортқа қайта өңделген және дайын тауар­лар кіреді. Елдің ішкі ресурстарын дамытпай, Қазақстан арзан шикізатты экс­порттап, қымбат дайын өнімдерді им­порттауды жалғастыра береді. Бұл им­порт­­тық инфляция проблемасын ушық­тыруы мүмкін. Кәсіпкерлердің құ­қық­­­­­­­­тарын қор­ғау жөніндегі уәкілі Рус­там Жүрсінов ша­ра­да осындай пікірін жет­кізіп, импорт, экс­порт мәселесін көтерді. Оның айтуын­ша, бүкіл ұлттық эконо­миканың ресурста­рын жұмылдыру, мүд­делі тараптардың күш-жігерін бі­ріктіру, елішілік құнды­­лық­ты дамыту мәселесінің оң шешілуіне сеп болмақ. Нәтижесінде, импортқа тәуелді­­лік төмендеп, керісінше, экспорттық мүм­­кін­діктерді кеңейтуге және бағалар­­­дың ұзақмерзімді тұрақ­­тылығын қамтама­сыз етуге жол ашылады.

Өндірістен гөрі креативті индустрия маңыздырақ

Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақ­­­­стан­­­­­­­­ның сыртқы сауда айналымы 34,6 па­йызға жеткен. Сыртқы сауда айналы­мы­нан қазынамызға 114 369,4 млн доллар ке­ліп түскен. Экспорттың даму қарқыны 23,8 пайыз­ға өсіп, негізгі табыс 2 605,2 мил­­­­­­­лион­­ды құрады. Осы тұста Консалтинг және сауда компаниялары қауымдастығының президенті Алуа Нұр­байға сауда-саттық, соның ішінде экс­порт, импорт мәселе­­­­­ле­­ріне қатысты бір­қатар сауалымызды қойдық. Ол ха­­­­лық­­­аралық сауда жүйесінде маңызды рөлге ие болу үшін креативті индустрияға баса мән берілуі керек екенін алға тартты. Сондай-ақ сапалы өндіріс орындарын құруда кәсіби кадрлар жетіспейтінін атап өтті.

– Экспорт – оңай мәселе емес. Әр мемлекеттің өзіне тиесілі ішкі заң­дылық­­­­тары мен стандарттары, бюро­кратиялық жағдайы бар. Осыдан 30 жыл бұрын өндірісте Қытай арзан мемлекет болып са­­­­­­­­нал­ды. Үлкен компаниялар елдерін тас­тап, америкалық, италиялық өнімдерді Қытайға ауыстырды. Ал қазір Қытайдың экономикалық жағдайы өсті. Тиісінше, жалақы да өсті. Қытай енді ең арзан мем­­­ле­­кет ретінде саналмайды. Мә­селен, Ан­­­­глия – қаржының, бәріміз жақсы көре­­­тін бриллиантты серти­фи­каттайтын орта­­лық. Сондай-ақ Ан­глия – креативті ин­дуст­рия орталығы. Қа­зіргі экономикада өндірістен гөрі креативті индустрия маңыз­­­­­­­­­­­дырақ. Ан­­глия­­да креа­тивті ин­дустрияның үлкен саласы бар. Ол ішкі өнімді ұлғайтады. Егер бізде креа­тивті индустрия бар, бірақ өндірісіміз басқа мемлекетте болса, одан төнер қауіп жоқ. Бірақ креатив, негізгі қаражат елімізге келу керек. Оны ойлап табу үшін, әрине мамандар керек. Ең маңыз­дысы – адами ресурс», – дейді ол.

Наубайханалар санын көбейту керек

Естеріңізге салсақ, биыл Сауда және интеграция министрлігі еліміздің 13 өңі­­­рінде ұн қымбаттағанын мәлімдеген еді. Тіп­ті, ұн мен нан өнімдерінің құнына қа­тысты мәселе көтерілді. Оған себеп – Қа­зақ­­­­­­­­­стан Өзбекстанға бидай өнімін экс­порттайды. Алайда көрші мемлекет біз­ден бидай сатып алса да, салыстырмалы түрде Өзбекстандағы нан бағасы Қазақ­­­станнан тө­мен екені айтылды. Осы ақпа­ратқа қа­­­тыс­­­ты Алматы қаласы Наурызбай ауда­­­ны­­ның «Атамекен» ҰКП филиалы дирек­­­­торы Мақсат Серәлінің пікірін сұрап көрдік.

– Нан бағасын Үкімет бекітеді. Ме­нің­­ше, бұл мәселеге еліміздегі наубай­ха­на­­­лар көлемінің аздығы себеп. Осы салада кәсіпорындарды, нан пісіретін нау­байха­налардың санын көбейту керек. Сол кезде бәсекелестік туындайды. Ал бәсеке­­лестік болған жерде баға факторы рөл ой­найды. Бұл бағаның төмендеуіне әкеле­ді. Салыс­тырмалы түрде алып қарасақ, Өзбекстанда жұмыс күші арзан. Бізде керісінше. Одан кейін ішкі технология­­лардың қолданылуы қымбат. Одан өзге коммуналдық электр энер­гиясы, салықтар бар. Тарифтердің жыл сайын өсуі нарыққа әсер етпей қой­майды», – дейді М. Серәлі.

Бүгінде Алматы – сауда-саттығы да­мы­­ған, халықаралық сауда дипломатия­­сын­да ықпалы зор өңір. Мұндай ауқымды шараның оңтүстік астанада өтуі заң­дылық. Алматы өнім көлемі бойынша ел экономи­­­­­касының бестен бір бөлігін құрай­ды. 2023 жылғы 1 қазандағы кө­­сеткіш бойын­­­­­­ша мегаполисте тіркел­ген заңды тұлға­лардың саны 149 623 бір­лікті құраған. Бұл былтырмен салыс­­ты­р­ғанда 7,1 пайыз­ға өскен. Демек, бизнес өкілде­рінің шоғы­­­­ры қалыптасқан өңірде жас кәсіпкерлерге көрсетілер қолдаудың бо­луы да маңызды. М. Серәлі ел игілігі үшін пайдалы өнім шығарып, экспорт, импорт бағытымен айна­­­­­лысқысы келетіндер үшін «екі қолға бір күрек табылатынын», мемлекет тара­­пы­­­­нан қолдау қарасты­­рылғанын айтады:

– Сауда-саттық саласындағы бюджет­тің төрттен бір салықтық құрамын ал­ма­ты­­лық кәсіпкерлер құрайды. Қазір же­ке кәсіп­керлерді қолдау үшін оңтайлы шара­лар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – Пре­зидент тапсырысы бойынша жаңадан кәсіп бастағысы келетін аза­­маттарды 2,5 па­йызбен 5 миллион теңгеге дейін несиелендіру. Бұл қолдау қазір ауылдық аймақтар мен қалаларда жақсы тенденция алып жатыр. Кәсіп бастаймын деген азаматқа бірнеше жеңілдік, оның ішінде мемлекет тарапынан берілетін гранттық жобалар бар. Мысалы, көп­балалы аналар­ға бөлінетін «Бастау Биз­нес» жобасы арқылы 400 айлық есептік көрсеткіште (АЕК) грант ұтып алуға болады. Жалпы құны – 1380 000 теңге. Грант қайтарымсыз. Өз кәсібін жүргізіп жатқан азаматтарға 1 миллионнан 5 мил­лионға дейін грант ұтып алу мүмкін­дігі қарастырылған. Ұлт­тық жоба аясында грантты кез келген кә­сіп­­­кер ұтып ала ала­ды, – дейді ол. 

Ал грант алған азаматтардың жұмы­сын, нақтырақ айтқанда қаржының дұрыс жұмсалуын әрі қарай кім қадаға­­лайды? Мақ­­­­сат мырза бұл сауалымызға жауап ре­­тінде өз тәжірибесін мысалға алды. Ма­­­ман­­­­­­ның айтуынша, қазір «Бас­тау Бизнес» жобасы арқылы көп аза­мат грант иегері ата­нып жатыр. Оларды қа­даға­лайтын негізгі ұйым – халықты жұ­мыспен қамту орта­лығы. Мұнда арна­йы комиссия құ­рылады. Арнайы комис­сия өкілдері қара­жаттың қайда жұмсал­ғанын, не сатып ал­ға­­нын, қандай шаруа­­­мен айналысып жүр­­­генін бақы­лайтын кө­рінеді. 

– Біз көп кәсіпорынға бардық. Бір ғана филиал ретінде ашылған тігін цехын алып қарайық. Осы тұста грант қаражаты­­­­ның да аса көп емес екенін ескеру керек. Бірақ бұл қаражат кәсіпкердің өзін-өзі жұ­мыспен қамтамасыз етуі үшін жеткі­­­­лікті. Қазір грант ұтып алған жобалар жұ­мыс істеп жатыр. Оларды қадағалайтын арнайы органдар бар. Егер бөлінген қара­жатты дұрыс жұмсамаса, оның да белгілі бір деңгейде өз жауапкершілігі бар, – дей­ді «Атамекен» ҰКП филиалы дирек­торы М. Серәлі.

Айналып келгенде экономиканы қар­­қынды түрде дамыту – сапалы кадр­лар даярлау, өндірісті ұлғайту, жас кә­сіпкер­лерді оқытуда тиімді ресурс­тарды пайда­­­­лану мәселесіне келіп тіре­леді. Жоғарыда ма­ман­дар атап өткендей, экономикаға әсер бе­руші кез келген са­лада креативті ин­­­­­­­дустрияны алға қойған жөн. Айта ке­тейік, халықаралық сауда форумында талқыланған мәсе­лелер не­гізінде «Атаме­­­кен» ҰКП мен Қазақ­станның сырты сауда палатасы бірле­сіп құзыретті органдарға ұсы­нымдарын жі­берді.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы