Оралдағы мектептен 600-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды
Оралдағы мектептен 600-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды
© сурет интернеттен алынды
230
оқылды
Оралдағы орта мектептен 600-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды. Мұндағы химия кабинетінің зертханасындағы түзілістен ауаға бу тараған, - деп хабарлады 24.kz. Артынша дабылдатқыш іске қосылады. Төтенше жағдай қызметкерлері де жеткен. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Мамандар ғимараттағы ауа құрамын зерттеп, адам өміріне қауіп жоқ деген қорытындыға келді. Қазір сабақ жүріп жатыр. Бірақ химия кабинеті әзірге жабық. "Химиялық реактивтер қоршаған ортаға, соның ішінде адамдарға аса қауіпті. Сондықтан сақтық шараларын естен шығаурға болмайды. Әсіресе ауа соратын суырмалы шкафтардың жұмысын қадағалау қажет. Бұл мектепте сол талаптар сақталмаған", - дейді облыстық ТЖД басқарма бастығы Ерлан Төрегелдиев.