Былтыр лауазымын асыра пайдаланды деп Елжан Біртановқа бес жыл, оның орынбасары болған Олжас Әбішевке төрт жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.
Бұрынғы министр Елжан Біртановтың мемлекетке келтірілген шығынды толық өтеуіне 561 жыл керек
1,375
оқылды

Сот орындаушылары бұрынғы денсаулық сақтау министрінен ай сайын 100 мың теңге өндіріп отыр. Бұл туралы Aikyn.k 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Былтыр лауазымын асыра пайдаланды деп Елжан Біртановқа бес жыл, оның орынбасары болған Олжас Әбішевке төрт жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Сондай-ақ олар 1 миллиард 300 миллион теңгені мемлекет пайдасына төлеуге міндеттелді. Бұл қомақты соманы екіге бөлсе, әрқайсысы 675 миллион теңгеден төлеуі тиіс.

Әділет министрлігінің мәліметінше, пробациялық бақылауға алынған экс-шенеуніктер жекеменшік компанияларға жұмысқа орналасқан. Осы күнге дейін Елжан Біртанов 945 мың теңгесін өтесе, Олжас Әбішев 260 мың теңгеге жетпейтін ақша төлеген. Себебі ол айына 43 мың теңгеден төлеп отыр. Демек, Олжас Әбішевтің шығынды толық өтеуіне 1300 жыл керек болса, Елжан Біртановқа 561 жыл керек.

Десе де жауапты ведомство өкілдері екі азаматтың барлық шоттары және мүліктері бұғатталғанын мәлімдеді.