Экоцид – өсімдіктер мен жануарларды жаппай қыру, атмосфераны, жер немесе су ресурстарын улау, сондай-ақ экологиялық апат немесе төтенше экологиялық жағдай туғызған өзге де іс-әрекеттер жасау.
Экологтар: Оңтүстік Қаратұрын кен орнындағы апат – экоцид
2,378
оқылды

"Эко Маңғыстау" НПУ Маңғыстаудағы Оңтүстік Қаратұрын кен орнындағы апат фактісі бойынша қылмыстық іс "Экоцид" бабы бойынша қаралуы тиіс деп мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Lada.kz сайтының жазуынша, тергеудің бастапқы ақпаратына сүйене отырып, экологтар бұл қылмыстық немқұрайлылық дейді.

"Оқиғаның сипатын ескере отырып, мен істің ҚК-нің 169-бабы "Экоцид" бойынша қаралуын талап етемін. Өрттің салдарынан пайда болған метан шығарындылары бойынша халықаралық сарапшылар қауымдастығының назарын аударып үлгердік", – деді" Эко Маңғыстау " НПУ басшысы Кирилл Осин.

Экоцид – өсімдіктер мен жануарларды жаппай қыру, атмосфераны, жер немесе су ресурстарын улау, сондай-ақ экологиялық апат немесе төтенше экологиялық жағдай туғызған өзге де іс-әрекеттер жасау. Бұл әрекет үшін азаматтығынан айыра отырып, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Қаратұрын кен орнындағы өрт 9 маусымда болған. Содан кейін бұрғылау құралының көтерілуі нәтижесінде № 303 ұңғымадағы ашық газ субұрқағына өткен газ-су қоспасының шығуы орын алды деп хабарланды.