Гвинеяның бұрынғы президенті отырған түрмеге таңертең қарулы адамдар шабуыл жасаған, – деп хабарлады Гвинеяның әділет министрі.
Гвинеяның экс-президенті Мусса Дадис Камара түрмеден қашып кетті
661
оқылды

«Гвинеяның экс-президенті басқа тұтқындармен бірге түрмеден қашып үлгерді», – деді ол.

Aikyn.kz Анадолы ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап жазғандай, Конакридегі түрмеге апаратын барлық кіру және шығу жолдары қоршауға алынған.

Камара Гвинеяда 2008 жылы әскери төңкеріс нәтижесінде билікке келді. Ол 2022 жылдың қыркүйегінде стадионда қырғынды жоспарлады деген айыппен қамауға алынды.

2009 жылы қыркүйекте Конакридегі стадионда үкіметке қарсы демонстрацияға қатысқан 157 адам қаза тапты.