Бұл ит киіз үйге еркін кіре алған, бұл оның тазалығын білдіреді.
Димаш Құдайберген Президент сыйлаған тазыға Ғарышкер деп ат қойды
2,337
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда ғана Қазақстанның халық әртісі атанған әнші Димаш Құдайбергенге тазының күшігін сыйға тартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында: 

– «Достар, танысып қойыңыздар, бұл – менің жаңа досым. Табиғаттың бұл ғажабын, яғни тазы күшігін маған Қасым-Жомарт Кемелұлы сыйлады. Тазы – біздің ұлтымыз үшін құндылық, бабадан қалған «Жеті қазынаның» бірі. Қазіргі күні Қазақстанда тазыны сақтап қалуға және халықаралық дәрежеде мойындауға баса көңіл бөлініп жатқаны қуантады. Себебі бұл қазақы тұқым тән сұлулығымен, ұстамдылығымен ерекшеленеді және менің байқауымша, өте ақылды келеді. Ата-бабамыз тазыны қастерлеп, жақсы көрген. Бұл ит киіз үйге еркін кіре алған, бұл оның тазалығын білдіреді. «Тазы» атауы парсы тілінен енген, мағынасы – «шапшаң», «епті». Осындай баға жетпес сыйлық үшін Президентімізге алғыс айтамын! Тазының атын “Ғарышкер” деп атадық», – деп жазды.