Шахтада болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
«Қазақмыс» шахтасында кенші қаза тапты
727
оқылды

«Қазақмыс» компаниясы Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында жұмысшы қаза тапты.   

«Қазақмыс» компаниясының мәліметінше, тау кен шебері қайтыс болды. 

Биыл 5 қарашада «Қазақмыс» компаниясы Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында жазатайым оқиға болды. Жұмыс кезінде 1984 жылғы тау кен шебері жарақат алып, қаза тапты. Арнайы құрылған комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», – деп жазылған ресми хабарламада.

Бұған дейін Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында 46 кенші қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Фото: tengrinews.kz