Мемлекет басшысының бастамасымен алғаш рет пилоттық режимде 5 қарашада аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімін сайлау өтті.
Әкім сайлауының қорытындысы шықты
1,508
оқылды

Өкілеттікке сәйкес, облыстардың мәслихаты осы сайлауды өткізу үшін 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қаланың тізбесін бекітті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

1553 сайлау комиссиясы: 17 облыстық, 3 қалалық, 42 аудандық және 1491 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.

Сайлау балама негізде өтті. Сайлау бюллетеньдеріне 125 кандидат енгізілді.

Сайлаушылардың келуі – 62,79%. Сайланған әкімдердің орташа жасы – 46,7 жас.

Сайлау науқаны республиканың сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтті. Дауыс беру күні байқауды Қазақстанның 8500-ге жуық кандидаттың сенім білдірілген адамдары, байқаушылары мен БАҚ өкілдері жүзеге асырды.

Орталық сайлау комиссиясы осы сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде аумақтық сайлау комиссияларына әдістемелік басшылықты, сондай-ақ олардың қызметінің сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырды. 17 өңірдегі сайлау қорытындысы:

1. Абай облысы

2. Ақмола облысы

3. Ақтөбе облысы

4. Алматы облысы

5. Атырау облысы

6. Батыс Қазақстан облысы

7. Жамбыл облысы

8. Жетісу облысы

9. Қарағанды облысы

10. Қостанай облысы

11. Қызылорда облысы

12. Маңғыстау облысы

13. Павлодар облысы

14. Солтүстік Қазақстан облысы

15. Түркістан облысы

16. Ұлытау облысы

17. Шығыс Қазақстан облысы

Фото: gov.kz