Былтыр Қазақстан үшін үлкен өзгерістерге бетбұрыс жылы болды.
Медиа – біздің қоғамның келбеті
794
оқылды

Қаңтар оқиғалары қалыптасқан қоғамдық-саяси және экономикалық құрылымның осалдығын және мемлекет пен халықтың өзара іс-қимылындағы тәсілдерді қайта қарау қажеттігін көрсетті. Күрделі сыртқы саяси жағдай, жаңа Қазақстан тұжырымдамасы, президенттік сайлаудың қарқынды өтуі, инфляцияның кеңеюі, Екібастұздағы ірі техногендік апат және елдегі басқа да маңызды оқиғалар билік пен қоғам арасындағы байланыстарға әсер ете алмады. Өткен жылы коммуникациядағы қандай трендтер әсіресе айқын көрінді және 2023 жылы неге дайын болу керек? 

Осы сауалдарға жауап беру үшін Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан облысының аудан-қала әкімдерінің идеология бойынша орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдері басшыларының қатысуымен Президент Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау барысы, мемлекеттік бағдарламалардың аудандарда жүзеге асуы, ақпараттық-идеологиялық бағыттағы жұмыстарды талқылау мақсатында семинар өтті. 

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев аудан-қалаға қатысты ұсыныс-ескертулерін айтып, ақпараттық-идеологиялық жұмыстардың жаңа жүйесін жасауды, жастар саясатын жандандыруды, мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау қажеттігіне тоқталды. 

«Бүгінгі таңда ақпарат ағынының тез таралуы, әлемнің қандай да бір жерінде пайда болған дағдарыстың барлық адамзатқа өте шапшаң таралуын себеп болып отыр. Осы себептен қандай да бір жағымсыз жағдай немесе дағдарыс жайлы хабарды басқа деректерден естімей тұрғанда мемлекеттік орган мақсатты топпен жұмыс істеу арқылы дәйекті түрде түсіндіру маңызды болып отыр», – деген облыс әкімінің орынбасары семинар барысында өңірдегі идеологиялық-ақпараттық жұмысты жүргізу бағыттарын атап өтті. 

Қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев модератор ретінде сөз бастап, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру, ақпараттық-идеологиялық жұмыстарды жүйелеу, дағдарыс жағдайында мемлекеттік органдардың коммуникациясын реттеу бағыттары бойынша бірнеше кейстерді атап өтті. 

Аудан-қала әкімдерінің идеология бөлімдерінің басшылары аудан-қаладағы өзекті мәселелерді талқылауға салып, тәжірибе алмасты.

Семинарда дағдарыс менеджері Ерлан Мусипов мемлекеттік қызметшілерге кризистік коммуникация бойынша түрлі кейстер көрсетсе, Қазақша коммуникация бойынша ЕҚЫҰ ұлттық консультанты Айбар Олжаев мемлекеттік органдар мен халық арасындағы коммуникацияны дұрыс орнатуға тоқталды.

«Медиа саласы – біздің қоғамның келбеті. Сіздердің қызметтеріңіз мемлекеттің беделін, мемлекеттік қызметкердің имиджін қалыптастырады. Сондықтан ел алдында абыроймен жүру, кәсіби, рухани тұрғыдан үнемі кемелденіп отыру біздің күн тәртібімізден түспейтін мәселе болуы керек. Сондықтан осы саланың мамандарына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Жалпы осы сала мандарының біліктілігін арттырып отыру қажет. Медиа және коммуникация мамандары speech writing-ді меңгеруі керек. Өйткені біздегі кейбір мамандар кейде өздерінің не оқып тұрғанын білмейді, тіпті сөздері құрғақ болып жатады. Осы ретте белгілі бір спикермен сөзді алдын ала жоспарлап алу маңызды. Мысалы кейбір кісілердің құрмалас сөйлемдерді айтуда қиындықтары болуы мүмкін. Тіпті «галстук тағу, тақпау» сынды қарапайым дүниелерге дейін баспасөз хатшылары жауапты», – деді Е.Мусипов. 

Өз спикер Айбар Олжаев қазақстандық және шетелдік тәжірибе арасында параллельдер жүргізіп, дағдарыс туындаған жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы тыңдаушылардың проблемалық сұрақтарына жауап берді. 

Аудан-қала әкімдерінің идеология бөлімдерінің басшылары аудан-қаладағы өзекті мәселелерді талқылауға салып, тәжірибе алмасты.