Оқиғаның видеосы желіге тарап кетті.
Жетісуда жаяу жүргіншіні жүргізуші бір ұрып өлтіріп қойды
1,007
оқылды

Жетісу облысында жаяу жүргінші мен көлік жүргізушісінің жанжалы өліммен аяқталды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиғаның видеосы желіге тарап кетті. Онда көліктің төмен жылдамдықпен келіп, жерде отырған адамды қағып кеткенін көруге болады. Содан соң, жүзгізуші мен жаяу жүргіншінің арасында жанжал шығып, көлік жүргізушісі қарсыласын ұрып құлатқан.

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 29 қазанда Үшаралда болған.

"Бетінен соққы алған 40 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылып, келесі күні жансақтау бөлімінде қайтыс болды, күдікті ретінде 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада. 

Тергеу қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша жүргізілуде. Бұл бапта 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.