Теһранда өткен мүмкіндігі шек­теулі өнерпаздардың HOMAM атты III халықаралық фестивалін­де аяғымен сурет салатын, тігін және кесте тігетін Анар Бексұл­тан­ның туындылары көрерменге жол тартты.
Теһранда көрсетілген туынды
635
оқылды

Иранның Parstoday ақпарат агенттігі хабарлауынша, шарада мүмкіндігі шек­теулі қазақстандық суретшінің «Тал­бесік», «Шырақтар» және «Күннің ба­тысы» атты шығармалары көрсетілді.

Суретші – Тараз қаласының тұрғыны. Ол – Тараздың құрметті азаматы, Жам­был облысы мәслихатының депутаты, «Шебер шаңырақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің директоры, «Әдемі қыз жасауы» атты шеберханасы бар кәсіпкер.