Қазақстанның барлық аймағында астық жинау науқаны аяқталып келеді.
Биыл Қазақстанда 11 миллион тонна бидай жиналды
1,000
оқылды

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биылғы егін науқаны жайлы айтып берді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жалпы,  ауыл шаруашылығы дақылдары жиналатын алаң – 24,0 млн гектар (бұл 2022 жылмен салыстырғанда 652 мың гектарға көп). Оның ішінде астық жиналатын алаң  17,1 млн гектар.

Биыл егін жинау науқанына шамамен 150,0 мың бірлік трактор, 39,0 мың астық жинайтын комбайн, 14,0 мың орақ және 140,0 мың бірлік басқа техника қатысты, – деп нақтылады министр.

Айдарбек Сапаровтың айтуынша, қазір еліміздің барлық аймағында астық жинау науқаны аяқталып келеді.

Облыстық әкімдіктердің дерегі бойынша, орташа өнімділігі 9,7 ц/га бастапқы салмақта 16,4 млн тонна астық бастырылған. Оның 11,4 млн тоннасы бидай (өнімділік 8,6 ц/га).

Егер дақылдар бөлінісіне қарасақ, бидай жиналатын алаң 13,4 млн гектар, өнімділігі 8,6 ц/га, 11,4 млн тонна бастырылды. Майлы дақылдар 1,9 млн гектар немесе 68%. Орташа өнімділігі 8,4 ц/га болғанда 1,6 млн тонна май тұқымы жиналды. Оның ішінде күнбағыс орташа өнімділігі 11,6 ц/га болып, 747,5 мың тонна бастырылды. Картоп 168,8 мың га аумақтан толығымен алынып тасталды, жалпы алым өнімділігі 206,4 ц/га болып, 3,5 млн тоннаға жетті, – деді Сапаров.

 

Фото: ТАСС