Қазір апортты халықаралық бренд ету жұмыстары жүріп жатыр.
Апорт алмасы қазақстандық бренд болып тіркелді
978
оқылды

Әділет министрі Азамат Есқараев Алматының апорты қазақстандық бренд ретінде тіркелгенін айтты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Апорт жөнінде Қазақстанға географиялық көрсеткішті тіркегенімізді қуанышпен хабарлаймын. Оның Алматыда, Қазақстанда шыққанын географиялық тұрғыда көрсеттік. Бұл жұмыс 2023 жылдың 13 қазанында жүрді.

Қазір апортты халықаралық бренд ету жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ол үшін тиісті қауымдастық Франция, Польша секілді дамыған елдерге жергілікті алмаларды экспорттау үшін материалдарды жеткізуде», деді министр Үкімет кулуарында.