Тінту барысында 12,4 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді.
Павлодарда есірткі тасымалдаған әйел ұсталды
583
оқылды

Павлодар қаласында есірткі тасымалдаған әйел ұсталды, деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері қала аумағында 31 жастағы әйелдің психоактивті заттарды тарататыны туралы жедел ақпарат алған. Полицейлер күдіктіні заңсыз заттардың кезекті партиясын тасымалдаған кезде ұстады. Ол бұдан әрі құпия жерлерге орналастыру мақсатында тыйым салынған заттарды интернетте сатып алғанын мойындады. 

«Жеке тінту жүргізу кезінде әйелдің іш киімінен 25 байлам жалпы салмағы 12,4 грамм синтетикалық зат тәркіленді. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің  297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», – деді департаментте.