15 минут бойы аспан көздің жауын алардай алқызыл, сары және жасыл түстерге боялды.
Ақырзаманның белгісі: Мамандар аспандағы құбылысқа түсініктеме берді
24,849
оқылды

Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні төңкерілген түнгі аспан бірнеше минут бойы түрлі-түске малынып тұрды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

15 минут бойы аспан көздің жауын алардай алқызыл, сары және жасыл түстерге боялды. Ерекше құбылысты Ақмола, Қостанай облыстары мен СҚО тұрғындары байқады.

Көбісі таң-тамаша болғанымен, енді бірі мұны "ақырзаманның белгісіне" балаған. Алайда мамандар шұғыланы ғарыштағы магнит дауылының қатты болғанымен байланыстырып отыр. Әсіресе ең көп көрінетін жасыл-сары түсті шұғыла оттегі мен Күн молекулаларының өзара әрекеттесуінен жерден 240 шақырым биіктікте пайда болады. Мамандар егер Күн молекулалары азотпен өзара әрекеттессе, қызыл немесе көк түс пайда болатынын айтады, – деп мәлімдеді КТК

"Күндегі белсенді құбылыстар ғарыш кеңістігінде бөлініп, планетааралық күн материясының, яғни плазмасының көп мөлшерінің таралуына әкелді. Жердің магнитосферасы бұзылса, онда бұл бөлшектер осылайша әртүрлі түрге енеді. Шұғыла зерттеу, біріншіден, Жерге жақын ғарыш кеңістігіндегі процестер туралы ақпарат жинауға, екіншіден, оптикалық сәуле шығарулары бойынша ғарыш бөлшектерінің ионосфераға әсерін анықтауға мүмкіндік береді", – деді Ионосфера институтының ғарыш ауа райын диагностикалау және болжау зертханасының жетекшісі Ольга Крякунова.