Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мәжіліс бірнеше заң жобасын жұмысқа алды
602
оқылды

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірнеше заң жобасын жұмысқа алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Олар мынадай заңдар:

  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы:
  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы;
  • «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы;
  • «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы арнайы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы.