Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Мәжілісте кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын жаңа заң жобасы мақұлданды
1,200
оқылды

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мәжіліс депутаттары аталған заң жобасы арқылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларын жақсартуға, мемлекеттік бақылау жүйесін ретке келтіруге, оларды жүргізудің ашықтығына кепілдік беруге, сондай-ақ бизнеске жүктемені азайтуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталған деген қорытынды жасады.

«Жедел ден қою шараларын қабылдау мемлекеттік органдарға құқық бұзушыларға заң жүзінде ден қоюға және бизнес субъектісінің кінәсінен туындаған халықтың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін қоғамдық қауіпті қолайсыз оқиғалардың басталуын болдырмауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта мемлекеттік бақылау 90-нан астам кәсіпкерлік қызмет саласында жүзеге асырылады», – деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.