Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазан айында электронды еңбек биржасында 130 мыңнан астам бос жұмыс орны мен 111,5 мың түйіндеме орналастырылғанын хабарлады.
Қай мамандық иелері көп жалақы алады?
7,686
оқылды

Өндіріс саласында жұмысшыларға сұраныстың артуы байқалады. Оның үстіне мұндай мамандардың көбі Батыс Қазақстан облысында іздестірілуде, – деп жазды Aikyn.kz.

"Қазан айында Түркістан және Қызылорда облыстарында да жұмыс берушілердің белсенділігі артты", – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, Астана, Алматы қалалары мен Атырау облысында жарияланған түйіндемелердің саны күрт өскен.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, қазан айында жұмыс берушілер құрылыс зертханасының инженерлеріне – орташа есеппен 600 мың теңге, өнеркәсіптік альпинистерге – 583 мың теңге және бас агрономдарға – 580 мың теңге жалақы бойынша ең қолайлы ұсыныстар жариялаған.

"Өз кезегінде өтініш берушілер тарапынан ең жоғары жалақыны тауар биржаларындағы трейдерлер (орта есеппен 1,5 млн теңгеден бастап), білім беру саласындағы ғылыми қызметкерлер (1,1 млн теңгеден бастап ), сондай-ақ кеме капитандары (931 мың теңгеден бастап) сұрайды", – деп хабарлады министрлік.