Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алды.
Ресей президенті Владимир Путин ресми сапармен Қазақстанға келді
1,260
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей президенті Владимир Путинді елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды.

Сондай-ақ президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.