Оқиға 7 қазан күні болған.
Павлодарда тұрғын үйлердің бірінен әйел адамның мәйіті табылды
879
оқылды

Құтқарушылар асүйдің терезесі арқылы үйге кіріп, орындықтағы отырған әйелдің денесін тапты, деп хабарлайды Aikyn.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 қазан күні сағат 16.50-де Катаев көшесі, 50 мекенжайында пәтер иесі есік ашпай жатқаны туралы хабарлама түскен.

Құтқарушылар баспалдақ арқылы үшінші қабатқа көтеріліп, терезе арқылы үйге кірген. Әйел адамның туыстары және полиция қызметкерлері де оқиға орнында болған. 

– Құтқарушылар асүйде тіршілік белгілері байқалмаған 63 жастағы әйел адамның отырған күйдегі денесін тапты. Іс полицияға тапсырылды, – деді департаментте.

Шақыртуға бір техника мен ТЖД-ның төрт қызметкері, 102 қызметі шықты.