Елордада дзюдодан ел чемпионаты өтеді
Елордада дзюдодан ел чемпионаты өтеді
406
оқылды
4-5 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында Пара дзюдодан ерлер және әйелдер арасында ел чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен халықа­­ра­­лық сайыстың жеңім­паз­­дары мен жүлде­гер­ле­рі қатысады. Соның ішін­­де 2018 жылғы Әлем чем­пионы Олжас Ораза­лы­ұ­лы, Бүкіләлемдік ойын­дардың және Әлем ку­­­бок­тарының жүлдегері Ан­­уар Сариев, 2019 жылғы Азия чемпионы Дәулет Те­міржан және 2018 жыл­ғы Джакартада өткен Азиа пара ойындарының қола жүл­дегері Азамат Тұрым­бетов бар. Пара дзюдодан өтетін Қа­­зақстан чемпионаты Па­ра­лимпиадалық жат­тық­­­тыру орталығында өте­ді. 4 ақпан күні 60 кг, 66 кг, 73 келіге дейінгі салмақ дәре­жесінде ерлер сынға түседі. Әйелдер болса -48 кг, -52 кг, -57 кг, -63 кг, -70 кг, +70 келі салмақта бақ сынайды. Жарыстың ашылу салтанаты 13.00-де бас­­талып, ары қарай ма­ра­пат­­тау рәсіміне ұла­са­­ды. Чемпионаттың келесі күні қалған салмақ дәре­­же­сінде жүлдегер анық­та­ла­ды. -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 келіде ерлердің, 63 кг, -70 кг, +70 келіде әйелдер ара­сында шешуші кездесу өтеді.   Айбике ЖАНАСЫЛ