Дереккөздердің мәліметінше, бұл оқиға Астанада Достық көшесінің бойындағы Бишімбаевқа тиесілі «Бау» мейрамханасында болған.
Экс-министр Бишімбаев Астанадағы мейрамханасында әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталды
1,254
оқылды

Әлеуметтік желіде бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін мейрамханада өлтірді деген ақпарат тарап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Адам өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтірді деген күдікпен Қ.Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бишімбаевтың төрт баласы – үш ұл, бір қызы бар.

Ал Ішкі істер министрлігі мынадай ақпарат жариялады: «Астана қаласының Полиция департаментіне қаладағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал болғаны, оның салдарынан әйел адам алған жарақатынан көз жұмғаны жайында хабарлама келіп түсті.

Күдікті қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Оқиға орнында Есіл аудандық ІІБ мен ЖПБ жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде".

Ал Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 1992 жылы туған әйелдің қайтыс болғанын растады.

Жедел жәрдем шақырту сағат 19.54-те түскен.