10 жыл мектепте жұмыс істеген ұстаз 2 күн бойы тау бөктерінде қашып жүрген.
14 жастағы баланы мұғалім жездесі зорлаған
Фото: gov.kz
1,455
оқылды

Жетісу облысына қарасты тау бөктерінен екі күн бойы полициядан қашып жүрген педофил-мұғалім ұсталды. Ол Сарқандағы мектептердің бірінде 10 жылдан бері математика пәнінен сабақ берген. Мектеп директорының сөзінше, мұғалім арам пиғылын орталықтағы қонақ үйлердің бірінде істеген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

14 жастағы баланың жан дауысы шыққан кезде қонақүй қызметшісі бөлмеге жетіп келіп, адам айтса нанғысыз жағдайды көзбен көрген.

KYN.KZ тілшісінің жазуынша, қонақүй әкімшісі полиция шақырған сәтте ер адам оқиға орнынан қашып кеткен.

Екі күн бойы тау бөктерін паналап жүрген. Бүгін ҰҚК қызметкерлері оны ұстады. Қазір күдікті полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Алдағы уақытта қылмысты тергеу жұмыстары басталады.