Елордада 8 желтоқсан күні Hilton Astana қонақүйінде XIV қысқы қайырымдылық балы өтеді.
Астанада XIV қысқы қайырымдылық балы өтеді
Фото: "Болашақ" қорынан
1,037
оқылды

«Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алуы мәселелеріне қоғамның назарын аудару және дарынды жастарды қолдау мақсатында балды 2012 жылдан бері жыл сайын өткізіп келеді. 

Әдетте бизнесмендер, меценаттар, YPO мүшелері, саясаткерлер, шет мемлекеттердің елшілері, әйгілі әртістер, блогерлер Қысқы қайырымдылық балына қонақ болады. Іс-шараның айшықты белгісі – бал дебютанттары. Биыл балға 30 дебютант қатысады. Жыл сайын дебютанттар кастингіне 100-ден астам адам қатысады. 

Балдың қонақтары классикалық вальстен «жалынды» латиноға дейін дебютанттар биімен, салтанатты кешкі ас, бағалы лоттар аукционы, сондай-ақ жүлделер ұтыс ойыны бар ғажайып атмосфераға бөленеді.

Балдың бағдарламасында:

- дебютанттар биі: классикалық вальстен «жалынды» латиноға дейін;

- салтанатты кешкі ас;

- өнер бұйымдарының және спорт атрибутикасының аукционы;

- қазақстандық эстрада жұлдыздарының өнер көрсетуі;

- іс-шара серіктестерінен құнды сыйлықтар ұтыс ойыны.

Жиналған қаражат «Болашақ» корпоративтік қорының ерекше қажеттіліктері бар балаларға және дарынды жастарға арналған «Әр бала мектепке баруға лайықты» және «Жол жүру гранттары» қайырымдылық бағдарламаларына жұмсалады. 

Қайырымдылық балдарында жиналған қайырымдылық қаражатқа қор 80-нен астам мамандандырылған оңалту мекемесін, оның ішінде барлық Қазақстан бойынша 56 инклюзияны қолдау кабинетін ашып, жабдықтады. Аутизм және дамуында басқа ерекшеліктер бар 800-ден астам бала мектепке бару мүмкіндігіне ие болды. 3000-нан астам маман оқытылды, инклюзивті білім беру саласында 500-ден астам жұмыс орны ашылды, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 120-дан астам білім беру және жол жүру гранты тағайындалды.

Қайырымдылық қаражатты пайдаланудың ашықтығын сақтау мақсатында www.bolashakcharity.kz сайтында қаржылық есептер жарияланады. 

Балдың демеушілері: «Нұрбанк» АҚ, «Caspian Integrated Services» компаниясы, «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ. 

Балдың серіктестері: «Hilton Astana» қонақүйі, «MYD Production» компаниясы, «Red Panda» полиграфиясы, The «Sun» компаниясы, Астананың Халықаралық мектебі және т.б. 

Балдың ақпараттық серіктестері: ҚР Президентінің Телерадиокешені, «We Project» халықаралық порталы, «Sxodim Group» медиахолдингі, «Nur Media» холдингі, «Sputnik Қазақстан» ақпараттық агенттігі, «Besmedia», «Massaget.kz», «Smartnews.kz».