Қазақстанда 11-13 қараша күндері ауа райы қандай болады?

Таяу күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде кезекті атлантикалық циклон әсерінен жауын-шашынды болады.

Синоптиктер Қазақстанда 11-13 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Таяу күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде кезекті атлантикалық циклон әсерінен жауын-шашынды, бұл ретте айтарлықтай жылы ауа райы күтіледі. Циклон батыстан шығысқа қарай жылжып, өз жолында жауын-шашын тудырады: түнде жаңбыр мен қар түрінде, күндіз негізінен жаңбыр түрінде, 11 қарашада солтүстік-батыста, 12 қарашада оңтүстікте, 13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр және қар) болады", – делінген хабарламада.

Болжам бойынша 12 қарашадан бастап антициклонның екпіні батысқа тарай бастайды, жауын-шашын тоқтап, күндізгі ауа температурасы 8-18 градус Цельсийге дейін көтеріледі деп күтіледі.

Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.