Жетпіс жылға жуық тарихы бар Кентау қаласы – оңтүстіктегі өндіріспен қанатын кеңге жайған қала. Осы жылдар ішінде Қаратау тәжіне баланған шаһар берекесі тасыған құлпырған шағын да, құлдырап құты кеткен ауыр күндерін де өткерді.
Риясыз ризалық – халық берген ең жоғары баға
620
оқылды

Бүгінгі Кентау өркендеуінде жаңа ұстанымды – моноқалаларды дамыту тұжырымдамасын бағдар етіп айқындаған қала. Жаңарған Түркістанның жылы лебі қарт Қаратаудың етегіндегі жауһар шаһардың тынысына тың серпін берді десек те болады.

«AMANAT» партиясы Түркі­стан облыстық филиалы Сай­лауал­­ды бағдарламасының 83-тар­мағында Кентау қаласындағы 55 көп­қабатты тұрғын үйді күрделі жөн­деу жұмыстары қаралған. Атал­ған 55 үйге тұрғындардың та­лап-тілегімен қосымша тағы бір көп­қабатты тұрғын үйге сей­сми­ка­лық күшейту жұмыстарына қар­жы бөлініп, бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Партияның Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орын­басары, облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева­ның тікелей ұйытқы болуымен іргесі қирауға шақ қалған бес қа­батты тұрғын үйдің іргетасын бе­­­­кемдеп, сейсмикалық тұрғыда кү­шейтуге және күрделі жөн­деу­ден өткізуге облыс бюджетінен 108 млн теңге бөлінді.

Депутат дабыл қаққан бұл тұр­ғын үй – Ыбырай Алтынсарин кө­­­шесіндегі №11 мекенжайда ор­наласқан. Төрт жылдан бері бар базынасы басындағы баспана жайы болған тұрғындарға Қалый­ма Жантөреқызы араша түсіп, Түр­кістан облыстық Тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық бас­қар­масына депутаттық сауалмен шық­ты. Жетпіс отбасын алаң күй­ге салған мәселе облыстық мәс­лихат сессиясында қаралып, де­путаттардың көпшілік қолдауы­мен осы бес қабатты тұрғын үйді сейсмикалық күшейтуге және күр­делі жөндеуге мақсатты қаржы бө­лінді.

Кенді қаладан облыстық мәс­лихаттың құрамына сайланған де­путат ретінде, «AMANAT» пар­тия­сы Түркістан облыстық фи­лиа­лы атқарушы хатшысының орын­басары Қалыйма Жантөре­қы­зы Кентау қаласына жасаған жұ­мыс сапары аясында осы тұр­ғын үйдегі құрылыс-монтаж жұ­мыс­тарының барысымен таныс­ты, тұрғындармен бейресми кез­десу өткізді. Тұрғындардың өті­ніш­терін мұқият тыңдаған ол құры­лыс жұмыстарына жауапты мер­дігер ұйым – «ААА Ақылбек» ЖШС-нің директоры Аманғали Юсупалиевке азаматтар білдіріп жатқан сұраныстарына мейлінше сер­гек қарауды тапсырды. Биз­нес­тің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде тұрғын үйдің кіре­бе­ріс­теріне жеңіл бастырма конс­трук­цияларын орнатып беру мүм­кін­діктерін қарастыруды жүк­теді. Партияның Кентау қалалық фи­лиа­лының төрағасы, Кентау қала­лық мәслихатының депутаты Ар­ман Басаровқа атқарылып жат­қан жұмыстардың сапасын үне­мі қоғамдық бақылаудың наза­рында ұстауды, тұрғындар мен мердігер ұйым өкілдері арасында өзара ықпалдастықты арттыруға жәрдемші болуды тапсырды.

Үй ауласында депутатпен жүз­де­суге шыққан тұрғындар Қа­лый­ма Жантөреқызына көптен кө­тер­ген мәселелерінің оң шешім табуы­н­а жәрдемші болғаны үшін ал­ғысын білдіріп, ақжарма тілек­терін жеткізді. Осы тұрғын үйде ғимарат пайдалануға берілген 1971 жылдан бері тұратын асыл әже Ұлзада Қуанышова жиналған әлеуметке аналық ақ батасын бе­ріп, ел бақытын тіледі.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Түркістан облысы