Human Rights Lawyers басшысы, заңгер Ләззат Рақышеваның оқырмандарының бірі бастарынан өткен қиын жайтты айтып хат жолдаған.
"Жездем сіңлімді зорлады". Әйел басынан өткен сұмдық жайтты айтты
1,675
оқылды

Human Rights Lawyers басшысы, заңгер Ләззат Рақышеваның оқырмандарының бірі бастарынан өткен қиын жайтты айтып хат жолдаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, сіңлісін жездесі зорлаған.

"Менің жасым 23-те. Менен кейін екі сіңлім бар. Отбасым бар. Аллаға шүкір, 2 қызым бар. Шүкір, зорлықтың құрбаны болмадым. Бірақ мені нағашы жездем бірнеше рет зорламақ болған. Қаншама рет. Өз-өзімді қорғай алатын қыз болған соң ба сол адамды ұрып-соғып, тістеп, өзіме жолатпайтынмын. Әке-шешеме айтуға ұялдым, бір жағынан қорықтым. Әпкемнің 2 ұлы бар, отбасын ойран етем бе деген ойлар болатын. Ол кезде мен 16-17 жасар едім. Мектеп бітіретін кезім. Мектепті бітіріп, өзім қалайтын жоғары оқу орнына түстім. Тағы тиіспекші болды жездем каникул кезінде келгенде. Содан шыдамай, мен өзім сөйлесіп жүрген баламен қашып кетіп, отау құрдық. Қазір бақыттымын. Ол нағашы әпкеммен біздің үй көрші-тұғын. Ендігі мәселе менен кейінгі сіңлімді  ол ауру 10-сынып оқып жүргенде зорлапты. Қазір ол сіңлім студент. Болашағына алаңдаймын. Қазіргі жігіті бар екен. Онымен де жақын қарым-қатынаста жүр. Жаныма бататыны, өзім сол кезде дабыл қақпағанымның арқасында осындайға жетіп отыр сіңлім. Енді не істерімді білмеймін. Өзімді кінәлі сезініп жүрмін. Ол қыз маған айтпаған. Байқамай телефонынан қазіргі жігітімен түскен фотоларын көріп қалып сөйлескенде айтып отыр, онда да ол зорлағанын айтқан жоқ. Содан 2 күн бұрын жігіті звандап маған бар шындықты айтты. Жүрегім ауырып, уайымдап жүрмін. Не істесем болады?" - деп жазған хат иесі.              

 

Фото: hvwg.org