Қазақстанға келгеннен кейін ол қамауға алынды.
Сирияда террористік топтар құрамында болған қазақстандық елге жеткізілді
698
оқылды

10 қарашада ҰҚК қызметкерлері 2013 жылдан бастап Сирияда террористік топтар құрамында болған ҚР азаматын Түркиядан Қазақстанға жеткізді. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҰҚК мәліметінше, оның радикалдық идеялардан көңілі қалғаны, өз еркімен террористік әрекеттен бас тартып, Түркияға өткені және отанына оралу үшін билік өкілдеріне берілуді шешкені белгілі.

Өзінің әрекетімен ол басқа содырларға олардың одан әрі террористік белсенділік аймақтарында болудың келешегі жоқ екенін көрсетпек болды.

Қазақстанға келгеннен кейін ол қамауға алынды.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы (террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) бойынша қылмыстық іс тергеп-тексеріліп жатыр.

Ерікті түрде берілу фактісі тергеу барысында ескерілетін болады.

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі