"Қазақ патшасы" деген лақап атпен танымал қазақстандық боксшы қарсыласын алтыншы раундта техникалық нокаутқа түсірді, оған дейін аргентиналық боксшы екі рет нокдаун алды.
Жеңіліп көрмеген боксшы тағы бір титул еншіледі
742
оқылды

Қазақстандық кәсіби боксшы Сұлтан Заурбек Брайтонда өткен бокс кешінде аргентиналық Серхио Мартин Сосаны техникалық нокаутпен ұтты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Осылайша, Сұлтан Заурбек кәсіпқой мансабындағы 16-жеңісіне қол жеткізді. Ал Серхио Мартин Соса төртінші рет жеңілді. Бәске екінші жартылай салмақ дәрежесіндегі WBO Glob белбеуі тігілген болатын. 

Бұған дейін Зәуірбек WBO "еуропалық" және WBC жастар белбеуін жеңіп алған болатын. 

"Қазақ патшасы" Сұлтан Заурбектің техникалық нокауттағы тамаша жеңісі. Ол екінші жартылай салмақ дәрежесіндегі WBO Glob нұсқасы бойынша чемпион атанды", – деп жазды Wasserman Boxing Instagram-дағы парақшасында.  

Бүгінде Заурбек WBA рейтингісінде алтыншы, ал IBF-те 14-орында тұр.