Осыған орай ТЖД көлік жүргізушілеріне қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертті.
Ақтауда биыл 20-дан астам көлік отқа оранды
521
оқылды

Ақтауда жыл басынан бері 23 автокөлік жанып кетіп, олардың отқа орануы төтенше жағдайлар саласы мамандарын алаңдатып отыр,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары полиция қызметкерлерімен бірге қала көшелеріне шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

"Жыл басынан бері 23 көлік өртенді. Осыған орай көлік жүргізушілеріне қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертіп жатырмыз. Көлікке отырмас бұрын, алдын ала жай-күйін тексерсе екен дейміз. Көліктің техникалық ақауларын анықтап, ток-сымдары тұйықталып қалған жағдайда машинада өрт сөндіру құралдарының болуы керектігін айтып жатырмыз",  деді Ақтау қалалық  Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Қайсар Нұрманов.