Бұл оқиға «Адам өлімі» бабы бойынша ЕҚДБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Петропавл қаласының орталығынан ер адамның мәйіті табылды
593
оқылды

Петропавлда қала тұрғындары үйдің ауласынан ер адамның мәйітін тауып алды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

58 жастағы марқұмның қайтыс болу себебін анықтау үшін мәйіт сараптамаға жіберілді.

"11 қарашада 102 пультіне Алматы және 314-атқыштар дивизиясы көшелерінің қиылысында 58 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл оқиға «Адам өлімі» бабы бойынша ЕҚДБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Тексеру жүргізілуде",  деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.