«Қазспецэкспорт» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Арман Рамазанов 2 айға қамауға алынды.
Қорғаныс саласына қатысты мекеменің басшысы қамауға алынды
1,019
оқылды

Күдіктінің ұсталғанына қатысты ақпарат 10 қарашада жария болды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«2023 жылғы 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Рамазанов А.-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады»,  делінген Астана сотының хабарламасында.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етуге жатпайды.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, «Қазспецэкспорт» РМК лауазымды тұлғалары мен олар бақылайтын заңды тұлғалардың басшылары әскери және әскери-техникалық өнімдерді сатып алу кезінде бағаны көтеру арқылы 1 миллиард теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.