Атырау облысында «Браконьер» жедел іздестіру іс-шарасы өтті.
Атырауда 26 жастағы ер адам 300 келіге жуық бекірені сатпақ болған
Фото: ortcom.kz
1,157
оқылды

Полиция департаментінің Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімі және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз балық аулағандарды құрықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бекірені заңсыз сатып-алу, сату, тасымалдаумен айналысып жүрген 1997 жылғы қала тұрғынын ұстады.

 

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына тінту кезінде жалпы салмағы 282,5 келі болатын 76 бекіре тұқымдас балығы тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.                                                                 

Баян ЖАНҰЗАҚОВА