Танымал әнші болашақ сәбиінің есімін ата-енесі мен күйеуі қоятынын айтты.
Менен ешкім сұрамайды: Ерке Есмахан сәбиіне есім қоюға қатысты қызықты оқиғасымен бөлісті
898
оқылды

Бұл туралы Ерке Есмахан желідегі оқырмандарына мәлімдеді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Ол шіркінайдың есімін мен қоймайтыным анық. Ата-әжесінің бірінші немересі, әкесі де отыр жүрегі алып-ұшып. Шынымды айтайын, мені елеп, пікірімді сұрап жатқан ешкім жоқ", - деген эстрада жұлдызы.

Сондай-ақ ол жүктіліктің жеңіл өтіп жатқандығын да айтып, ағынан жарылды.

"Токсикоз, ми ашу, қиналыс болмады ешқандай, шүкір. Осы кезге дейін ештеңе сезбей, бәрі жеңіл өтіп кетті. Тек осы тоғызыншы ай дәрігерлер "Тынышталыңыз, үйде отырыңыз" деген соң отырмын, басқа амал жоқ", - деген әнші.

Ерке Есмаханға оқырмандары аман-есен босанып, ертерек етек-жеңін жинауды тілеген.