Қазнетте болашақ сәбидің жынысын жариялау кешінің бейнежазбасы тарады.
«Үшінші ұлына жүкті»: Анасы қырықтан асқан, әкесі алпысқа толады
2,107
оқылды

Егде жастағы ерлі-зайыпты қатысқан салтанатты кештің видеосы қызу талқыланып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өйткені, болашақ ана 42 жаста, әкесі 59 жаста. Алайда, кейбір желі қолданушылары ерлі-зайыптылардың осындай «дұрыс емес» жаста бала тууға шешім қабылдағанын құптамайды. Десе де, жағымсыз пікірлерден гөрі жылы пікірлер көп. Олар ата-анасы мен болашақ сәбиіне денсаулық тіледі.

"Денсаулық жараса, неге ұрпақ жалғастырмасқа?! Маған да Алла 40 жасымда қыз сүюді нәсіп етіп, әдемі сый жасады. Жолдасым 52-де. Сәби деген бақыт қой, шаңырақты шаттыққа бөлейтін. Сондықтан, балапан аман-сау дүниеге келсін, анасы бауырына алсын деп тілейміз. Ұлтжанды ұл болсын", – деп жазған көпшілік.

Айта кетейік, ерлі-зайыптылардың екі ұлы бар, енді тағы бір мұрагер болады.