Көпшілік Германия қазағының бұл сөзін қолдап жатыр.
"Несие алып, той жасамаймын": Шетелде тұратын қазақ қарыз алып, той жасайтындарды сынады
896
оқылды

Шетелдегі қазақтар банктен несие алып, қарызданып-қауғаланып той жасап, кейін ол қаржыны төлей алмай қиналатын жергілікті халықты сынға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Олардың ойынша, мұндай қадамға бару – нағыз ақымақтық болып саналады. Мұндай пікірді Германияның Кельн қаласындағы қазақ қауымдастығының төрайымы Садия Сюрер айтып берді. 

«Несие алып, той жасамаймын, бұл дегеніңіз – нағыз ақымақтық. Кешірерсіз, сол несиені ертең мен, бала-шағам төлейді. Сол уақыттың қызығын кім көреді сонда? Жағдайым неге жетсе, соны істеймін. Одан артық істемеймін, егер олар шоу көруге келсе, онда олар менің достарым, құрметті қонақтарым емес. Менің қонағым, менің достарым біріншіден мені сыйлап келуі керек", – деп кесіп айтты шетел қазағы. 

Көпшілік Германия қазағының бұл сөзін қолдап жатыр. Олар несие алып той жасаған отбасылардың көптеген мысалын келтірген.