Мақсат Қожабаев 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Антикор басшысының бұрынғы орынбасарына сот үкімі шықты
984
оқылды

Шымкентте бұрынғы қала прокуроры, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі төрағасының экс-орынбасары Мақсат Қожабаевқа қатысты үкім шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оtyrar.kz жазуынша, оған аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды.

Сотталушылар қатарында сондай-ақ кәсіпкер де болды. Зәкір Ғұламов шенеунікке пара беруге көмектесті деп айыпталды.

Сот үкімімен Қожабаев 5 жыл 6 айға, Ғұламов 5 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ судья экс-прокурорды мемлекеттік наградаларынан айыруды сұрады.

Сонымен қатар сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторларда лауазымды қызметтер атқаруға тыйым салынады.

«Сот Қожабаев пен Ғұламовты кінәлі деп тапты. Сот үкімімен Қожабаев 5 жыл 6 айға, Ғұламов 5 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды. Айыпталушылардың кінәсі куәлердің айғақтары мен сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен дәлелденді», – деп Самиддин Теміралиев үкімді оқыды.

Айта кетейік, Мақсат Қожабаев 2018 жылдың тамызынан 2021 жылдың шілдесіне дейін Шымкент қаласының прокуроры қызметін атқарған. Бұрынғы жоғары лауазымды құқық қорғау қызметкерін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері осы жылдың қаңтарында ұстаған болатын.