Әнші Алтынай Жорабаева бұған дейін көпке айтпаған құпиясын желіде бөлісті.
"4 қызымды алып қаштым": Алтынай Жорабаева Астанаға қалай қоныс аударғанын айтты
31,020
оқылды

Әнші Алтынай Жорабаева бұған дейін көпке айтпаған құпиясын желіде бөлісті. Өнер иесі Instagram парақшасында төрт қызын алып, Астанаға қашқан кезін еске алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Әнші Алтынай Жорабаева 2015 жылдың қазанында желіге "Ер адам Алланың тиымдары шеңберінен шыққанда, әйелінің мінезі шығады", - деген жазбаны бөліскен.

Өнер иесі осы жазбасынан бірнеше ай өткенде қыздарын алып, Астанаға қашқанын ашып айтты.

"Осы жазбаны 2015 жылы қазан айында жазғанмын. Шегіне жетіп, жарылайын деп жүрген кезім. Содан 2016 жылдың қаңтарында 4 қызымды алып, Астанаға қаштым ғой", - деп жазды Алтынай Жорабаева. 

Айта кетейік, жақында өнер иесі бесінші сәбиіне аяғы ауыр екенін мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, Алтынай Жорабаева осыдан бірнеше жыл бұрын бірінші жұбайы Сәбит Әбдіхалықовтан ажырасқан болатын. Төрт қызымен қалған әнші 2020 жылы қайта тұрмысқа шықты.

Фото: Instagram/altynaizhorabayeva: UGC