Кабинеттен қызға тиесілі гигиеналық заттар мен ер адамның шауқаты табылды.
«Сендей әдемі қызға...»: Талдықорғанда полицей зорлаған қыздың адвокаты мәлімдеме жасады
1,792
оқылды

Жетісу облыстық Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметі Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысын ұстаған болатын.

«Зорлау» бабы бойынша сараптама тағайындалып, күдікті қамауға алынған. Атышулы іс Ішкі істер министрінің тікелей бақылауында, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиғаға орай жәбірленушінің адвокаты Нұрлан Молбаев зорлықтың қалай жасалғанын айтып берді. 12 қараша күні учаскелік инспектор қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен 27 жастағы қала тұрғынын Ішкі істер басқармасына жеткізген. Осы жерде анықтаушының кабинетінде сұрақтарға жауап беріп отырған қызды басқарма басшысы кабинетіне әкелуді бұйырады.

“Менің қорғауымдағы азамат басшының кабинетіне кіргеннен кейін болған жағдайды айтып, ақталған. Оны мұқият тыңдаған полиция басшысы көмектесетінін айтқан. «Сендей әдемі қызға протокол толтырғызбаймын» деп, қызды жыныстық қарым-қатынасқа мәжбүрлеп, тиісе бастайды. Қазір жәбірленуші тиісті сараптамадан өтті, қылмыс орнынан, яғни Талдықорған қалалық полиция басқармасы басшысының кабинетінен айғақтар алынды. Кабинеттен қызға тиесілі гигиеналық заттар мен ер адамның шауқат ізі табылды”, – деді жәбірленушінің адвокаты Нұрлан Молбаев.

Қазір күдікті Ескелді ауданындағы уақытша ұстау мекемесіне қамалған.

Фото: yandex.kz