Сергей Быстров 2022 жылғы көктемде жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен.
Ақмола облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен жігіттің анасы халықтан көмек сұрады
583
оқылды

Щучье қаласының (Ақмола облысы) тұрғыны ұлының жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Сергей Быстров 2022 жылғы көктемде жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Наурыздың 17-нен 18-іне қараған түні Сергей жұмыстан кейін үйіне қайтып келе жатқан. Ол үйінің кіреберісіне жеткен, бірақ кірмей кеткен. 

«Жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Қайда кеткені, біреу алып кеткені де белгісіз. Ол кезде қызымен тұрған. Ол ештеңе білмейді. Оны өзім іздеп көрдім, таппадым. Сережа өте ақкөңіл жігіт, ешкімге жоқ демейтін. Жақсылығы үшін осындай жағдайға тап болған шығар. Ол есін жоғалтқан шығар немесе біреу ұстап отырған шығар, интернет жоқ жерде шығар. Ұлымды табуға көмектесіңіздерші. Мен сені қатты сағындым», – дейді Сергейдің анасы. 

Полиция мен еріктілер Сергей жоғалған күннен бастап іздеуді тоқтатпаған, бірақ нәтиже жоқ. Жігіттің анасы ұлы қайтып келер деген үмітпен көзіне жас алды.

Сергей Быстровты көрген-білгендерден 8 705 544 12 57 нөмірі бойынша ақпарат беру сұралады. 

Фото: видеодан алынды