13-18 қараша аралығында Астанада Юнус Эмре атындағы түрік мәде­ниет орталығы түрік фи­льмдері апталығын өткізіп жа­тыр.
Түрік фильмдерінің апталығы өтуде
877
оқылды

Шара Түркияның Мәде­ниет және туризм министрлігі кине­матография басқармасының қолдауымен Түркия Республикасының 100 жылды­ғына орай ұйымдастырылып отыр. Түрік фильмдері апталығы бауырлас екі ел арасындағы мәдени байланыстың одан әрі нығая түсуіне, рухани өзара алма­суына үлес қосу мақсатында өткізіл­мекші. 

Апталық аясында қала тұрғындары мен қонақтары тарихи, романтикалық және шытырман оқиғаға толы алты үздік түрік кинотуындысын тегін тамашалай алады. Олардың арасында «Көбелектің түсі», «120», «Ұзақ хикая», «Ертұғырыл 1890», «Соңғы хат» және  «Қызыл ора­мал­ды шынарым» сияқты фильмдер бар.