Астанада қаласының әкімдігі елор­да тұрғындарына мемлекеттік қол­дау ша­ралары туралы және жұ­мысқа орналасу, цифрлық дағды­ларды игеру мүмкін­діктері бойын­ша тегін кеңес беретін JOLTAP әлеумет­тік жобасын іске қосты.
JOLTAP: жұмыспен қамтуға жаңа мүмкіндік
621
оқылды

Жоба арқылы оқығысы немесе ақыл-кеңес, бағыт-бағдар алғысы келетін кез келген аза­матқа қала­ның адам көп жи­нала­тын орында­рында орналасқан «Бар­шаға мүм­кіндік» модульдік пункт­терінде тегін кеңес беріледі. 

JOLTAP жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өнімді жұмыс орындарын құруға баса назар аудара оты­рып, белсенді әлеуметтік саясаттың қа­жеттілігі туралы тапсырмаларын орын­­дау, әлеуметтік реформаларды тиім­ді жүзеге асыру мақсатын көздейді. Қала әкімі Жеңіс Қасымбек мамыр айын­да қоғамдық тамақтану, құрылыс, көлік, қызмет көрсету және тағы басқа сала­ның өкілдерімен кез­дескенде елорда тұр­ғындарын жұмыспен қамтып, табы­сын арттыруға бағыт­талған жаңа жоба іске қосылатынын мәлім­деген болатын. 

«Бұл жоба әлеуметтік саясаттың жаңа прин­циптерін жүзеге асыруда маңызға ие. Яғни, Мемлекет басшысы ұсынған әлеуметтік реформалардың бірі ретінде дамиды. Бас­таманың нәтижелі болуына нақты қадам жасалып жатыр. Жобаға қоғамдық тамақтану, сауда, құрылыс, кө­лік және қызмет көрсету салаларын­да­ғы ірі бизнес өкілдері мен сала көш­басшылары жұмылдырылды. Олардың ішінде BI Group, Magnum, Marwin, Shaurma Food және тағы басқалар бар», – дейді Астана қаласының қала әкімі Жеңіс Қасымбек.

«Жаңа мүмкіндік» қоғамдық қоры­ның хабарлауынша, JOLTAP жобасы аясында бүгінге дейін 3 200 азаматқа кеңес берілген. Қала тұрғындары мем­лекеттік қолдау шара­­лары және жұмысқа орналасу мүм­кіндіктері жайлы көбірек ақпарат алған. Астана әкім­ді­гінің бас­тамасымен жүзеге асырылып жатқан жобаға «Жаңа мүмкін­дік» қоғамдық қоры қолдау білдіріп отыр. Сондай-ақ жоба – мем­лекет, бизнес және қо­ғамның бірлескен күш-жігерімен құрыл­ған тиімді жүйе ретінде танылып отыр. 

JOLTAP жобасы аясында табысын арт­тыруға мұқтаж азаматтарды белсенді түрде анықтау мақсатында және оларға мем­лекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес беру үшін Астана қаласында 10 модульдік пункт ашылды. Модульдік пункттер дема­лыссыз күн сайын сағат 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Модульдік пункттердің кон­сультант­тары тұрғын үй бағдарламалары, бизнесті қолдау, әлеу­меттік көмек және еңбекпен қамту сұрақ­тары бойынша жан-жақты ақпарат береді. Жоғарыда айтқанымыздай, қазір «Баршаға мүм­кіндік» модульдік пункттері арқылы 52 мемлекеттік қолдау шарасы бойынша 3 200 адамға кеңес берілді. Олардың 870-і әлеу­меттік осал топтарға жатады. Соны­мен қатар JOLTAP жобасы аясында биз­нес ашу үшін грант пен микроқар­жы­ландыру бағдарла­марына қатысуға 720 адам өтінім жасаған. Жобаны ұйым­дастырушылардың айтуынша, қала әкімдігінің бұл бастамасы модульдік пунктерде қолжетімді кеңес берумен өте тиімді жұмыс жүргізіп келеді. Қаланың кез келген тұрғынына өмірлік жағдай­ларына байланысты табысты арттыру үшін мүмкіндіктер мен ша­ралар туралы кешенді түрде кеңес беріп, нақты жоспарлар құруына көмектесіп, пай­далы ақпаратты түсіндіріп беру арқылы ха­лықтың ынтасын арттырып отыр.

Жобаның тағы бір артықшылығы, жұ­мыс­сыз жүрген азаматтарға жұ­мысшы ма­ман­­дық­тары бойынша ең­бекпен қамту­дың қо­сымша мүмкіндігін беру үшін JUMYS TAP Telegram-ботын қосқанын айтуға болады. Бот мақ­сатты салаларда (қызметтер, сауда, қо­ғамдық тамақтану, құрылыс) қаланың өзекті бос жұмыс орын­дарын қамтиды. Бот толы­ғымен те­гін, әрі қолдану үшін оңай. Оның арқа­сында жұмыс беру­шілер мен үміткерлер делдалдарсыз тікелей бай­ланыса алады. Сонымен қатар азаматтар жұмыспен қамту бойынша тікелей көмек алу үшін «Бар­шаға мүмкіндік» модульдік пунк­т- теріне жүгіне алады. 

– JOLTAP жобасы аясында қала тұр­ғын­дары екі қысқамерзімді оқу бағ­дар­ламары бойынша дағдылар ала алады. Бірінші бағ­дарлама арқылы аза­маттар сауда, құрылыс, қызметтер сала­ларында сатушы-кассир, ті­гінші сияқты жұмысшы мамандықтарына оқи алады. Оқу бағдар­ламасы бизнес көш­бас­шы­ларының талаптары мен стандарт­тарына сай құрас­тырылған, – дейді жобаны ұйымдас­тырушылар.

Ал «Freelance Мүмкіндік» атты екін­ші бағдарлама қазіргі кезде нарықта сұра­нысқа ие цифрлық мамандықтарға үй­ретеді. Бағ­дарлама аясында жыл соңына дейін 500 аза­матты 7 өзекті маман­дық бойынша үйрету жос­пар­лануда. Таңдау үшін оларға жеті цифрлық мамандық ұсынылды: таргетолог, SMM, видеограф, маркетплейс маманы, мобилограф, графикалық дизайнер және уеб-дизайнер (сайттарды әзірлеу). Бел­гілі бол­ғандай, қазірдің өзінде модульдік пункттер арқылы 2 мыңнан астам азамат цифрлық ма­ман­дықтар бойынша қысқамерзімді оқытуға жазылды. Қала тұр­ғындары арасында жоғары сұраныс байқалуда, тіпті 35 жастан асқан аза­маттар да өзекті мамандықты үйренуге ынта танытуда. Түлектер арасын­дағы сұрас­тыру нәтижесінде жартысы рес­ми түрде жұ­мысқа тұруға немесе фри­ланс бойынша тап­сырыстар алуға дайын екенін айтқан. Жобаға қатысуға өтініш бер­ген азаматтардың 10%-ы өз ісін аш­пақшы, ал 22%-ы әрі қарай оқуын жал­ғастырғысы келді дейді жоба автор­лары. Ұйымдастырушы­лардың айтуынша, үш жылдың ішінде жұ­мысшы және цифр­лық мамандықтар бойынша 10 мың адамды оқыту жоспарлануда. 

«Мен мобилография курсында оқи­мын. Оқыту тегін әрі сабақтар жайлы кабинеттерде және студияларда өтеді, онда біз фотосес­сияларға қатысамыз және білімімізді тәжірибе жүзінде қол­данамыз. Бізге видеоларды мон­таждау және әртүрлі эффектілерді қолдану үйретілді. Бұл оқуды өте жақсы көремін. Өзім риэлтормын, әлеу­меттік желілерде өз қызмет­терімді та­ныстыру үшін мо­билография қажет. Бірақ менің ойымша, бұл курс өте пайдалы бола­ды. Кейбір әйелдер тіпті балалармен сабақ­қа келеді, сол сияқты жақында зейнетке шыққан­дар да арамызда бар», – деп өз пікірін білдірді оқушылардың бірі Наталья Губарь.

– Жоба іске қосылғалы бері қала тұр­ғын­­дары арасында өзінің қалауымен ма­мандық таңдап, білімін жетілдіріп, жұ­мысқа орналасып жатқандар қатары да көп, – дейді жоба ав­торлары. Ал Ас­тана қаласы әкімдігі JOLTAP жобасы арқылы қаладағы жұмыссыздық проб­лемасын шешуде жақсы мүмкіндіктерге жол ашы­лады деп отыр.

JOLTAP жобасының баспасөз қыз­меті «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунк­т­терінде азаматтар келесі мекен­жайлар бойынша мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес алып, оқуға жазыла ала­тынын хабарлады: Ailand ОДО, Қорғалжын тасжолы, 2; Magnum супермаркеті, Еділ көшесі, 26; «Жастар» сарайы, Республика даңғылы, 34; «Тұлпар» СО, Ш.Уәлиханов көшесі, 24; Euromall СҮ, Қос­шығұлұлы көшесі, 24; «Встреча» СҮ, Абылай хан даңғылы, 31; Mechta СҮ, Сығанақ көшесі, 3; «Азия парк» СОО, Қабанбай батыр даңғылы, 21; «Саянұр» базары, Тілендиев даңғылы, 24/5; «Big Шанхай» базары, Алаш тасжолы, 32а.

Т.МҰҚАНАТТЕГІ