Ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 өңірде ескерту жарияланды.
9 облыста ескерту жарияланды: 14 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: pikabu.ru
1,025
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 14 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін республиканың басым бөлігінде антициклон жотасының ықпалымен ашық, жауын-шашынсыз күн райы сақталады.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында циклон жырасы мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр күтіледі, солтүстік-шығыс пен шығыста қар аралас жаңбыр жауады. Барлық өңірде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 өңірде ескерту жарияланды.

Атап айтқанда, түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, өңірдің шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысы мен орталығында тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде 18 м/с екпінде жел тұрады.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының шығысында тұман күтіледі. Күндіз өңірдің батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Ақмола облысының шығысында тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігін тұман басып, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз желдің күші өңірдің батысы мен солтүстігінде 18 м/с құрайды.

Күндіз Маңғыстау облысының шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз өңірдің батысы мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 25 м/с күшеюі ықтимал.

Тәулік бойы Павлодар облысының батысында, солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.