Бүгін доллар қаншадан саудаланып жатыр?
14 қарашаға арналған ресми валюта бағамы
Фото: tobolinfo.kz
898
оқылды

Ұлттық банк 14 қарашаға арналған ресми валюта бағамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық банк бекіткен ресми бағам бойынша бүгін 1 доллар құны - 465,89 теңге.

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 466-470 теңгеден сатылып жатыр.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 466-470 теңге болса, Алматыда доллар бағамы 466,9-469,7 теңге аралығында құбылып тұр.

Бүгін Ресей рублінің орташа сараланған бағасы 5,06 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,97-5,17 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал Астанада ресейлік валюта 5-5,15 теңгеден сатылуда.