Күдікті қамауға алынды.
Астанада Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы ұсталды
682
оқылды

Елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының қылмыстық әрекетінің жолын кесті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі істің толық мән-жайы 15 қарашада жарияланатынын айтты.