Самалдың айтуынша, Қуандық Бишімбаев әйелін үнемі ұрып-соққан.
Салтанат Бишімбаевпен ажыраспақшы болды, оның озбыр екенін айтатын – туысы
5,688
оқылды

Tengrinews.kz тілшісі күйеуінің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың туысқан әпкесімен тілдесіп қайтты, олардың әкелері туған бауырлар. Самалдың айтуынша, бұрын да сіңлісінің денесінен көгерген іздер байқап, ажырасып кетуді ұсынғанын айтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Сізге жалғыз нәрсе айта аламын, ол (Бишімбаев) – жауыз адам. Мен адамдар осындай қатыгез болады деп ойламаппын. Біз Салтанаттың денесін алғанда шошып кеттік», – дейді Самал Нүкенова.

Самалдың айтуынша, Қуандық Бишімбаев әйелін үнемі ұрып-соққан.

"Жалпы, сіңлім Бишімбаевтен бірнеше рет ажырасып кетпекші болған. Оның тиран екенін айтатын. Марқұм күйеуі жалғыз жібермейтінін, үнемі аңдитынын да айтқан. Бізбен кездесіп, кофе де іше алмайтын. Біз оның ажырасып кету туралы шешімін қолдағанмен, Қуандық үнемі соңынан келіп, әкетіп жүрді", – дейді әпкесі.

Еске сала кетейік, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың екінші әйелі Салтанат Нүкенова ауыр соққыдан жедел жәрдем келмей тұрып, оқиға орнында қаза болғаны жайлы ақпарат тараған. Кейіннен құзырлы органдар болған оқиғаны растады. 

Коллаж: Tengrinews.kz