Полиция қызметкерлері хатты жазған адамды анықтады.
"350 мың теңге аударуды талап еткен": 14 жастағы оқушыға үрейлі хат жіберген адам ұсталды
886
оқылды

Қарағандыда мектеп оқушысы өзінің сыныптасынан 350 мың теңге аударуды талап еткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 39 жастағы әйел адам полицияға шағымданған.

«Ол белгісіз біреу өзінің 14 жастағы ұлына 350 мың теңге ақша аудару туралы хат жолдағанын, ақша бермеген жағдайда ұлының атынан мектепте жарылғыш зат орнатылды деп хабарлама беретінін айтқан», – делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері хатты жазған адамды анықтады.

«Хат иесі арызданушының ұлының 15 жастағы сыныптасы екені анықталды. Мектеп оқушысы бұл хатты ойнап жазғанын айтты», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта мектеп оқушысын есепке қою, ал ата-анасын жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Фото: kaltasy-zarya.ru