Танымал әнші Ақбота Керімбекова өнердегі әріптесі, құрбысы Айгүл Иманбаеваның отбасындағы қуанышты жаңалық туралы айтты.
"Әкесі дүниеден озғаннан кейін жария қылған жоқ": Айгүл Иманбаева келін түсірді
21,443
оқылды

Танымал әнші Ақбота Керімбекова өнердегі әріптесі, құрбысы Айгүл Иманбаеваның отбасындағы қуанышты жаңалық туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Өнер иесі бұл туралы "Қызықты Weekend" бағдарламасында әңгімеледі. 

"Қыздармен араласып-құраласып тұрамыз. Бұрынғыдай емес әркімнің өз жұмысы бар. Уақыт тапшы. ...Хабардармын (отбасындағы жағымды жаңалықтан – еск.). Келін алды (Айгүл Иманбаева – еск.). Әкесі дүниеден озғаннан кейін жария қылған жоқ. Тойдың бәрі алда. Сіңлімдей болып кеткен. Кішкентайымыздан ата-аналарымыз араласты, бірге оқығанбыз", – деді ол.

Фото: Instagram/aigul_imanbayeva